Компания туралы

2018
2020

Ресейдегі зауыттан тікелей жеткізулер

Жергілікті өндірушімен серіктесу өнімнің сөреге дейінгі жеткізілуін қысқартады, сондай-ақ қазақстандық сатып алушының қажеттілігі мен қалауларына қарай бейімделетін өнімнің үлкен көлемін өндіре бастауға мүмкіндік береді.

2019

MacCoffee Cappuccino di Torino

Қазақстан үшін жаңа өнім ең қысқа уақыттың ішінде үздік жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Өзінің дәмі, бірегей ұсынылуы және көркем дизайны арқасында кофе сусындарының санатында озық болып тұр.

2018

Енді біз «1-еудегі 2-еуміз»

Жаңа MacCoffee Light 2 in 1 өнімі нарықтағы компанияның позицияларын күшейтті, себебі оның мүлде бәсекелесі жоқ. ARABICA және AROMIO маркаларымен бірге сублимацияланған кофенің санаты жаңа-деңгейге өсті.

2017

«Express» сервистік өнімі

Даму әрі қарай жалғасуда, енді компания сауда орындарына арналған дайын бизнесті ұсынуда. Енді көңіліңізден шыққан кофені үй жанындағы дүкендерден ыстық күйінде сатып алуға болады. Геолокациялық карта мен барлық арналардағы белсенді қолдаудың арқасында аталмыш бағдарлама студенттердің арасында айрықша танымалдыққа ие болып отыр.

2016

«Амбассадор» ынталандыру бағдарламасы

Бренд-Амбассадор — өзінің қызметі арқылы компанияның қызығушылықтары мен көзқарасын айғақтаушы адам. Осынша жауапты рөлге медианы немесе әлеуметтік тұлғаны тартуға қатысты әлемдік тәжірибеге қарамастан, компания бренд және өнімдер туралы барлығын білетін, дәмін бағалай алатын, меңгерген, ақпаратты өзгемен бөлісетін адамды, серіктестер мен қызметкерлерді Амбассадорларға айналдырудың бастамашысы болып табылады.

2015

Алғашқы бірегей жарнамалық науқан

Алғашқы маркетингтік науқандар компанияның келесідегідей миссиясы мен мақсаттарын біріктіретін, «#жылдамдәмді» ұранын біріктіреді: қолайлы және сапалы өнімдерді құру және тарату, әлемді жақсы жағына өзгерту, барынша маңызды әрі пайдалы істер, кездесулер мен қатынасқа уақытты үнемдеуге көмектесу.

2010

Сублимацияланған кофенің кофе санатының дами басталуы

MacCoffee жаңа-деңгейге шығуда және сублимацияланған кофені өндіре бастауда. GOLD маркасы өзге танымал маркалардың жанында орналасып, қара кофені ұнатушылардың мойындауын жылдам жаулап алуда. Осыған қоса, тұтынушыға RTD ретінде барынша танымал, тұтынуға дайын, салқын кофе секілді жаңа бірегей өнім қол жетімді.

2007

Қаптаманың рестайлингі

Бәріміздің көңілімізден шыққан сусын жаңа дизайнға ие болды. Сүйікті кофенің дәмі, әрине, өзгеріссіз қалып, бүгінгі таңға дейін Қазақстандағы ең көп сатылатын кофе ретінде қалып отыр.

1993

Қазақстандағы марканың басталуы

Алғашқы рет Қазақстанда Food Empire компаниясы «қыран құс және байрақ" есте сақталынатын дизайнымен бірге 1-еудегі 3-еу мінсіз жаңа кофе сусынын сатыла бастады.

2018