logo
Қазақ
  • Русский
  • English
  • Global - EN
  • Өнім
  • Кофе Коспасы
  • Сублимацияланған
  • Ұнтақ
  • Компания туралы
  • Жаңалықтар

http://www.maccoffee.com/kz-kz пайдалану талаптары

Соңғы редакция: 21.05.2020

1. www.maccoffee.com/kz-kz веб-сайтына кіре отырып, төменде баяндалған пайдалану талаптарымен келісесіз:

www.maccoffee.com/kz-kz веб-сайтына кіру және пайдалану, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер мен бағдарламалық жасақтама (бұдан әрі жинақтап «Сайт» деп аталады) Қазақстан Республикасы аумағында осы пайдалану талаптарымен (бұдан әрі — «Пайдалану талаптары»), сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі. Егер осы Пайдалану талаптарымен келіспесеңіз және оларды қандай да бір алып тастау және ескертпелерсіз толық қабылдамасаңыз, Сайттан шығуыңызды сұраймыз.

2. Сайтқа авторлық және өзге құқықтар

Оның барлық мазмұнын, барлық мәтіндер мен бейнелерді (бұдан әрі — «Мазмұн» қоса алғанда Сайтқа меншік құқығы, айрықша құқықтар, авторлық және өзге құқықтар FutureEnterprisesPTELTDкомпаниясына (бұдан әрі — «Компания») не оның еншілес кәсіпорындарына немесе Компаниямен үлестес басқа тұлғаларға (бұдан әрі жиынтығында «Үлестес тұлғалар» деп атаймыз), не заңмен белгіленген тәртіпте Компанияның оларды пайдалануына құқық берген өзге тұлғаларға тиесілі. Тауар белгісін, логотипті немесе қызмет көрсету белгісін танытатын кез келген Мазмұн Компанияның немесе заңмен белгіленген тәртіпте Компаниялар олардың пайдалануына құқық берген басқа тұлғалардың тіркелген тауар белгісі болып табылады. Осы Талаптарда көзделген ерекшеліктерді ескерумен сіздің Мазмұнның кез келген бөлігін Компанияның немесе өзге құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз пайдалануыңызға тыйым салынады. Компания бұзылуы заңмен қудаланатын авторлық және өзге құқықтардың сақталуын қадағалайды.

3. Сайтты пайдалану тәртібі

Компания Сайтты мынадай түрде пайдалануға рұқсат етеді:

  • Сайтта өзекті өнімдік сұрыпталым және бренд атсалысқан оқиғалар жарияланады («Жаңалықтар» бөлімі).
  • Сайтты пайдаланған кезде сіз Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауыңыз керек; сіз Компанияның жазбаша рұқсатынсыз туынды материалдарды таратпауға, өзгертпеуге, көшірмеуге (жоғарыда сипатталған жағдайларды қоспағанда), қайта жібермеуге, көрсетпеуге, қайта пайдаланбауға, қайта жаңғыртпауға, жарияламауға, лицензияламауға, жасамауға, Сайт мазмұнын бермеуге, сатпауға немесе өзге түрде пайдаланбауға тиіссіз;
  • Сайттың қорқыту мағынасындағы, анық емес мәліметтерден тұратын, шатастыратын, қорлау мазмұнындағы, сұраншақтық, тәлкекті, жалалы, тұрпайы, әдепсіз, жанжалды, арандатушылық, порнографиялық, күпіршілік материалдарды немесе заңсыз әрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын немесе осындай қылыққа түрткі болатын кез келген материалдарды білдіретін кез келген материалдарды орналастыруына немесе ұсынуына жол берілмейді — Компания құқық қорғау органдарына толық жәрдем көрсетеді немесе кез келген осыған ұқсас мәліметтерді немесе материалдарды орналастырған немесе берген пайдаланушының деректерін Компанияның уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауын ұйғаратын кез келген сот және әкімшілік актілерді орындайтын болады;
  • Сайтта өзіңді қандай да бір басқа тұлға ретінде, соның ішінде Сайт модераторы немесе Компания не онымен Үлестес тұлғалар өкілі ретінде таныстыруға, сондай-ақ жалған өтініштер жасауға немесе Сайтпен байланысты тұлғалармен өзіңнің қатынасың туралы бұрмаланған мәліметтер беруге, не болмаса Компанияның қандай да бір өтініштеріңізді қолдайтынын растауға немесе тұспалдауға тыйым салынады;
  • пайдаланушылардың Сайтты жарнамалық мақсаттарда немесе кез келген коммерциялық делдалдықты жүзеге асыруы үшін пайдалануына, сондай-ақ Сайттың кез келген бөлігін өзге коммерциялық пайдалану, оны немесе оған кіру құқығын пайдалануға жол берілмейді.
  • Сайтты «құрт», «троялық ат», «пасха жұмыртқалары», «баяу әсер ету бомбасы» вирустарын, бағдарламаларын, тыңшылық бағдарламалар мен басқа бағдарламаларды, компьютерлік кодтарды, файлдарды немесе зиян келтіруі мүмкін, басып кіру сипатын алатын немесе жұмыс нәтижелерін, не пайдалануды бақылау мақсатында жасалған, кез келген аппаратураны, бағдарламалық жасақтаманы немесе жабдықты орналастыру немесе беру үшін пайдалануға жол берілмейді;
  • Сайтты басқа тұлғалар құқықтарын бұзу, сондай-ақ Сайттың басқа пайдаланушыларының дербес деректерін өңдеу мақсатында пайдалануға тыйым салынады;
  • Сайтты басқа тұлғалардың пайдалануын шектеуге немесе бөгет жасауға, Сайт жұмысын немесе Сайт жұмысын қамтамасыз ететін серверлер мен желілерді бұзуға, сондай-ақ осы желілер жұмысының талаптарын, процедураларын және нормаларын бұзуға тыйым салынады;
  • Сайттың қандай да бір бөлігіне декомпиляция, дезассамблирлеу және реинжиниринг жүргізуге, өзгертуге, бейімдеуге, аударуға тыйым салынады.

4. Ақпараттың құпиялылығы

Компания «Бізге жазыңыз» бөлімінде пайдаланушы өз бастамасымен ұсынуы мүмкін, атап айтқанда: есім (бұл никнейм болуы мүмкін, пайдаланушы оған қалай жүгіну керектігін өзі шешеді), электрондық пошта сияқты деректерді қоспағанда, сайт пайдаланушыларының дербес деректерін жинамайды және өңдемейді. Сұрақтар, ескертулер, ұсыныстар және т.с.с. барлық өзге Сайтқа жөнелтілетін хаттар мен материалдар құпия болып есептелмейді. Электрондық пошта және басқа хаттар шифрленбейді және өзге түрде тыйым салынбайды. Сайтты пайдаланумен байланысты сіз ұсынатын барлық ақпараттың қазіргі уақытта шынайы, дәл әрі толық болатынын мәлімдейсіз және кепілдік бересіз. Егер сіз ұсынған, ақпарат жалған, дәл емес, ескірген немесе толық емес болып шықса, сіздің Сайтты пайдалануыңыздан бас тартуымыз мүмкін екенімен келісесіз.

5. Жауапкершілікті шектеу

СІЗ АТАЛҒАН САЙТ ПЕН САЙТ АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨЗ НАР ТӘУЕКЕЛІҢІЗБЕН ПАЙДАЛАНАСЫЗ. КОМПАНИЯ ДА, ОНЫМЕН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАР ДА, САЙТ ЖҰМЫСЫН ЖАСАУҒА, ШЫҒАРУҒА ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСАТЫН БАСҚА ТҰЛҒАЛАР ДА, ОЛАРДЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ, БАСШЫЛАРЫ, ЖҰМЫСШЫЛАРЫ, АГЕНТТЕРІ, ҚАТЫСУШЫЛАРЫ, АКЦИОНЕРЛЕРІ, ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ МЕН ӨКІЛДЕРІ-ДЕ САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР АЛДЫНДА, СОТ МҰНДАЙ ЗИЯН НЕМЕСЕ ЗАЛАЛДЫ КОМПАНИЯ ПАЙДАЛАНУШЫСЫ, ОНЫМЕН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАР НЕМЕСЕ САЙТ ЖҰМЫСЫН ЖАСАУҒА, ШЫҒАРУҒА ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСҚАН БАСҚА ТҰЛҒАЛАР, НЕ ОНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ, БАСШЫЛАРЫ, ЖҰМЫСШЫЛАРЫ, АГЕНТТЕРІ, ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН АКЦИОНЕРЛЕРІ, ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ МЕН ӨКІЛДЕРІ СОҢҒЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ҚАСАҚАНА БҰЗУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ КЕЛТІРГЕНІН ДӘЛЕЛДЕГЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ САЙТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ КЕЛТІРГЕН ҚАНДАЙ ДА БІР ЗИЯН НЕ ЗАЛАЛ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ БОЛМАЙДЫ.

6. Үшінші тұлғалардың веб-сайттарына сілтемелер

Сайт үшінші тұлғаларға тиесілі немесе олар басқаратын сайттар мен материалдарға сілтемелерден тұруы мүмкін. Мұндай сілтемелер пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ғана ұсынылады. Компания осы сайттардың мазмұны, құпиялылықты қорғау ережелері мен қауіпсіздігін бақыламайды және жауап бермейді. Компания Сайт пайдаланушылары алдында, егер үшінші тұлғаларға тиесілі осы сайттар:

  • кез келген үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзса, дәл емес, толық емес немесе қате, ақпараттан тұрса;
  • коммерциялық немесе басқа нақты мақсаттар үшін жарамсыз болса;
  • жеткілікті қауіпсіздікті қамтамасыз етпесе;
  • вирустар немесе басқа зиянкес элементтерден тұрса; немесе
  • жалалы немесе сенімді жоятын мәліметтерден тұрса жауапкершілікте болмайды.

Компания осындай сайттар ұсынатын мазмұн, өнімдер немесе қызметтерді қолдамайды. Осындай сайттарға сілтемелер белгілей отырып, мұны өз жауапкершілігіңізбен және Компанияның рұқсатынсыз істейсіз.

7. Сайтқа кіруді немесе пайдалануды тоқтату

Компанияның кез келген уақытта және кез келген себеппен, соның ішінде егер Компания аталған Пайдаланушы талаптарын бұзды немесе сақтамады деп тапса, сіздің Сайтқа және Арнайы материалдарға кіруіңізден бас тартуы мүмкін екеніне келісесіз.
Мұндай жағдайда Сайтты және Арнайы материалдарды пайдалану құқығынан дереу айрыласыз. Сайтқа кіру немесе оны пайдалану, онымен байланысты барлық деректер мен файлдар және/немесе осы деректер мен файлдарға одан әрі кіру алдын ала хабарлаусыз тоқтатылуы мүмкін екенімен келісесіз.

8. Пайдалану талаптарына өзгерістер енгізу

Компания кез келген уақытта алдын ала хабарлаусыз аталған құжатты жаңарту арқылы осы Пайдалану талаптарына өзгерістер енгізе алады. Қайта қаралған құжаттардың әрекеті сізге әсер ететін болғандықтан, аталған параққа арасында кіріп отырғаныңыз және Пайдалану талаптарын қарап отырғаныңыз дұрыс. Пайдалану талаптарының соңғы редакциясының күні құжаттың жоғарғы бөлігінде «СОҢҒЫ РЕДАКЦИЯ (LAST UPDATED)» жазбасының астында көрсетіледі.

Сайт ұсынатын және жоғарыда көрсетілген «СОҢҒЫ РЕДАКЦИЯ» сәтінде қолжетімсіз барлық Мазмұндар мен қызметтер Сайтта пайда болған сәтте автоматты түрде Қызметтерге кіргізіледі. Сайт ұсынатын жоғарыда көрсетілген «СОҢҒЫ РЕДАКЦИЯ» сәтінде қолжетімсіз кез келген БЖ және құралдар Сайтта пайда болған сәтте автоматты түрде осы Пайдалану талаптарына сәйкес БЖ деп есептеледі. Сайт ұсынатын Арнайы материалдарды немесе БЖ пайдаланған кезде оған қолданылатын барлық қосымша нұсқауларды, осы Пайдалану талаптарына сілтеме арқылы кіргізілген ережелер мен талаптарды орындауға міндеттенесіз.

9. Сайттыөзгерту

Компания кез келген уақытта кезең-кезеңмен, толықтай немесе ішінара, уақытша немесе тұрақты негізде, бұл туралы хабарлап немесе хабарлаусыз Сайтты, Арнайы материалдарды немесе БЖ өзгертуге, тоқтатуға немесе жабуға; қандай да бір тұлғаларға, географиялық аумақтарға немесе юрисдикцияларға Сайтқа кіруді өз таңдауымен шектеуге; Сайтқа кіргені үшін төлем өндіруге; Сайтпен байланысты төлемді өзгертуге және/немесе доғаруға; және/немесе Сайттың кейбір немесе барлық пайдаланушыларына белгілі бір мүмкіндіктер ұсынуға құқылы. Компанияның да, онымен Үлестес Субъектілердің де кез келген өзгертулер және Сайтты, сондай-ақ Сайтта ұсынылатын қандай да бір Арнайы материалдарды, БЖ, Мазмұн, Жұмыстар, функциялар немесе өнімдерді уақытша не тұрақты, ішінара не толық жабу үшін сіздің немесе кез келген үшінші тараптың алдында жауапкершілікте болмайтынын танисыз. Мұндай өзгерістерден кейін Сайтты пайдалануды жалғастыру оларды қабылдайтыныңызды білдіреді.

10. Қолданылатын құқық және дауларды шешу тәртібі

Осы Пайдалану талаптары, сондай-ақ Сайтты пайдалану ережелері Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі. Дау туындаған жағдайда Компания және пайдаланушы өздерінің арасында туындауы мүмкін кез келген даулар мен қайшылықтарды келіссөздер көмегімен татулық жолымен шешу үшін барлық шараны қолдануы тиіс. Тараптар араларындағы дауды немесе қайшылықтарды татулық жолымен шеше алмаған жағдайда, мұндай даулар мен қайшылықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот тәртібінде шешуге берілуі тиіс.

11. Пайдаланушылар ұсыныстар мен шағымдар жолдайтын мекенжайлар

Сайт пайдаланушыларында Компанияға ұсыныстар туындаған жағдайда оны «Бізге жаз» бөлімінде Сайтта қалдыра алады. Пайдаланушыларда туындайтын барлық шағымдарды Компанияға мына мекенжайға жіберуге болады:
Қазақстан, Алматы қ., «WellDis» ЖШС, 050051, Жаннибеков көш., 54,
тел. 8 (727) 293 32 93,
Эл. пошта: office@foodempire.kz

12. Тыйым салынған жерде жарамсыз

Аталған сайтқа кіруді, сондай-ақ кез келген географиялық өңірде немесе юрисдикцияда өз қарауымызбен және кез келген уақытта кез келген қызметті кез келген тұлғаларға ұсынуды шектеу құқығын өзімізде қалдырамыз.

©MacCoffee 2025

kruchenas.net сайтының дизайны және әзірлемесі

©MacCoffee 2025

kruchenas.net сайтының дизайны және әзірлемесі